logo

Дарко Зоричтің керемет голы «Қызылжарға» сырт алаңда жеңіс сыйлады (видео)

Дарко Зоричтің керемет голы «Қызылжарға» сырт алаңда жеңіс сыйлады (видео)

Атырауда Қазақстан чемпионатының 5-туры аясында «Атырау» мен «Қызылжар» арасындағы матч аяқталды, деп хабарлайды Sport+.

Петропавлдық команданы баптауға кіріскен Милич Чурчичтің дебюттік ойыны 2:1 есебімен жеңіспен аяқталды.

Матеус Барбосаның автоголына алаң иелері Сапановтың дәл соққысымен жауап қатты, алайда 97-минутта сербиялық жартылай қорғаушы Дарко Зорич айып добын тамаша орындап, «Қызылжарға» жеңісті сыйлады.