«Ордабасы» Қазақстан чемпионатында алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Түркістанда Қазақстан чемпионатының 5-туры аясында «Ордабасы» мен «Жетісу» арасындағы матч аяқталды, деп хабарлайды Sport+.
Шымкенттік команда 48-минутта Эвертонның соққан жалғыз голының арқасында 1:0 есебімен минималды жеңіске жетті.
Айта кетейік, бұл жеңіс Андрей Мартиннің шәкірттері үшін чемпионаттағы алғашқысы болды. Шымкенттік ұжым 5 ұпаймен 9-орынға тұрақтады.