«Оқжетпес» ел чемпионатында екінші жеңісіне қол жеткізді

Жезқазғанда 2025 жылғы Қазақстан чемпионатының 5-турын аясында «Ұлытау» мен «Оқжетпес» командалары арасындағы матч аяқталды, деп хабарлайды Sport+.
Көкшетаулықтар 43-минутта Дәурен Жұматтың пенальтиден соққан голының арқасында 1:0 есебімен жеңіске жетті.
Бұл жеңіс «Оқжетпес» үшін маусымдағы екінші жеңіс болды.
Осы ойыннан кейін көкшетаулық ұжым 7 ұпаймен үздік алтылыққа кірді. Ал «Ұлытау» екі ұпаймен турнир кестесінде соңғы орында тұрақтады.