Даниял Сапарбай Бразилияда өткен әлем кубогының жартылай финалына шықты

Бразилияда өтіп жатқан World Boxing әлем кубогының екінші жарыс күнінде үш қазақстандық боксшы шаршы алаңға шықты, деп хабарлайды Sport+.
Бұған дейін біз Анита Адишева туралы жазған едік. Өкінішке орай, 60 келі салмақ дәрежесінде Талғат Сырымбетов те өз жекпе-жегінде жеңіліс тапты.
Ал жартылай финалға Даниял Сапарбай шықты. Ол үндістандық Нарендерді бөлінген шешіммен жеңді.