logo

Дани Ольмо маусымның екінші бөлігінде «Барселона» үшін ойнай алмайды

Дани Ольмо маусымның екінші бөлігінде «Барселона» үшін ойнай алмайды

Ла Лига мен Испания футбол федерациясы (RFEF) «Барселона» жартылай қорғаушысы Дани Ольмоны тіркеуге қатысты шешім шығарды, деп хабарлайды Sport+.

Комитеттің шешімі бойынша, футболшыны 2024/25 маусымының екінші жартысына тіркеу туралы өтініш қабылданбады.

Дани Ольмо «Лейпцигтен» «Барселонаға» 2024 жылдың тамызында ауысты, бірақ клуб оны тек бірінші жарты маусымға тіркей алды. Оның келісімшартында егер қаңтарда тіркелмесе, команданы тегін тастап кетуге мүмкіндік беретін тармақ бар.

Маусымның алғашқы бөлігінде 26 жастағы испандық 15 матчқа қатысып, 6 гол соғып және 1 нәтижелі пас берді.