logo

Айтана Бонмати әйелдер арасындағы «Алтын доп» иегері атанды

Айтана Бонмати әйелдер арасындағы «Алтын доп» иегері атанды

«Барселона» футбол клубының ойыншысы Айтана Бонмати екінші рет «Алтын допты» жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+.

26 жастағы жартылай қорғаушы әйелдер футболындағы ең жоғары жалақы алатын ойыншы ретінде танымал және бұл марапатты қатарынан екінші жыл алып отыр.

Соңғы жылы «Барселона» сапында Бонмати төрт турнирде жеңіске жетті: Чемпиондар лигасы, Испания чемпионаты, Кубок және Суперкубок.

Сонымен қатар, әйелдер «Барселонасы» әлемдегі ең үздік әйелдер клубы болып танылды. Ерлер арасында 2024 жылғы «Алтын допты» Испания өкілі Родри иеленді.