Кевин Де Брюйне «Интер Майамиге» қосылуы мүмкін
«Манчестер Сити» командасының жартылай қорғаушысы Кевин Де Брюйне ағылшын клубынан кетуі мүмкін, деп хабарлайды Sport+.
Журналист Джереми Кросстың әлеуметтік желідегі ақпаратына сәйкес, «Интер Майами» бельгиялық футболшыға қызығушылық танытып отыр. Команда басшылығы Де Брюйнені басты трансферлік мақсат ретінде таңдаған. Футболшымен келіссөздер қаңтар айында басталуы мүмкін.
Бұған дейін футболшыға «Барселонаның» да қызығушылық білдіргені туралы ақпарат тараған еді.
Де Брюйне осы маусымда 11 матч өткізіп, бір гол соғып, бір нәтижелі пас берген. Transfermarkt порталының мәліметінше, футболшының нарықтық құны €45 млн құрайды.