logo

Дамир Исмағұлов UFC-ден кетуі туралы: Мен аз табыс таптым

Дамир Исмағұлов UFC-ден кетуі туралы: Мен аз табыс таптым

Бұрынғы UFC файтері Дамир Исмағұлов «BAZA PODCAST» подкастында UFC-ден кету себептері туралы айтып өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan:

«Мен үзіліс алдым. Неге? Мен UFC-де өнер көрсеттім, спортшылар Олимпиадаға қатысуды армандайтын болса, бізде UFC ең жоғарғы деңгей. Бірақ мен бес жеңістен тұратын серияға ие болып, ТОП-15-ке кіргенімде аз табыс таптым. Сол кезде мен ойлана бастадым. Мен отбасым үшін табыс табуым керек еді, бірақ көп шығын дайындыққа кетті».

Дамир жеңіл салмақта ТОП-15 қатарына кірген кезде лигадан кетті.