Қазақстандық жауынгер Қытайдағы жеңісінен кейін Ресейдегі турнирге қатысады
Қазақстандық ММА жекпе-жек шебері Данияр Оңғар Ресейдің Барнаул қаласында өтетін Open FC лигасының турнирінде жекпе-жекке қатысады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Оның қарсыласы Амин Гасимов болады. Жекпе-жек 14 қыркүйекте өтеді.
Данияр өзінің алдыңғы жекпе-жегін Қытайда JCK лигасында өткізіп, жергілікті спортшы Апингшилуды төрешілер шешімімен жеңген болатын.