Теймур Жапаров Петр Ян мен Мұхаммад Мокаевпен жаттығулары туралы: Бәрі керемет өтті
Қазақстандық жекпе-жек шебері Теймур Жапаров Тайландтағы жиын кезінде Петр Ян және Мұхаммад Мокаевпен бірге жаттығулар өткізгені туралы айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan:
«Тайландта бәрі өте керемет болды, бірақ өкінішке орай, мен жарақат алып, үйге қайтуға мәжбүр болдым. Дұрыс дайындалып, спарринг өткізе алмадым, өйткені дене бітімін енді ғана қалыптастырып, акклиматизациядан өттім де, жарақат алдым».
Жапаров келесі жекпе-жегін 23 қыркүйекте ресейлік Хасан Бисултановқа қарсы OCTAGON лигасында өткізеді.