«Бүркіттер» үшін үлкен мүмкіндік. «Бенфика» – «Арока» матчының тікелей эфирі

13 сәуір күні Португалия чемпионатының 29-туры аясында «Бенфика» өз алаңында «Ароканы» қабылдайды, деп хабарлайды Sport+.
Қонақтар чемпионат кестесінің төменгі бөлігінде орналасқан және маусымның бұл кезеңінде сенімді ойын көрсете алмай жүр — соңғы бес матчтың үшеуінде жеңіліп қалған.
Ал алаң иелері үшін алдағы ойын өте маңызды. Егер «бүркіттер» жеңіске жетсе, олар чемпионат кестесінің бірінші орнына қайта оралады. Чемпионаттағы соңғы 11 ойында жеңіске жеткен команда мұндай үлкен мүмкіндікті қолдан жіберуі екіталай.
Айта кетейік, бірінші айналымдағы кездесу «Бенфиканың» 2:0 есебіндегі жеңісімен аяқталған.
Матчтың тікелей трансляциясы Sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады. Ойын Астана уақытымен 22:00–де басталады.