Сатпаевтың голы және Зарияның дублі «Қайратты» Кубоктың ширек финалына шығарды

Алматылық «Қайрат» Қазақстан Кубогының 1/8 финалы аясында өз алаңында «Каспийді» 3:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Sport+.
Бірінші таймда Георги Зария екі рет пенальтиді сәтті орындады. Ал екінші таймда алаңға ауысып шыққан Дастан Сатпаев кездесудегі соңғы голды соғып, нәтижені түбегейлі бекітті.
Ширек финалда «Қайраттың» қарсыласы «Хан-Тәңірі» — «Ордабасы» матчының жеңімпазы болады.