Бокстан лицензиялық турнир қалай басталды?
Италияның Бусто-Арсицио қаласында басталған бокстан лицензиялық турнирде Қазақстан спортшыларынан бірінші болып рингке Сәкен Бибосынов шықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan
51 келі cалмақ дәрежесінде Бибосынов Каннет Чун Хим Танды (Гонконг) жеңді. Қарсыласын бірнеше рет нокдаунға жіберген соң кездесу мерзімінен бұрын аяқталды. Келесі айналымда Сәкен Бибосынов кениялық Давид Каранж Мачариамен жұдырықтасады.
Әйелдер сапынан 60 келіде Римма Волосенко да маңызды турирді жеңістен бастады. Ол төрешілер шешімімен Хаднас-Сах Тианнадан (Тринидад и Тобаго) басым түсті.
Алдағы күндері шаршы алаңға шығатын Қазақстан боксшылары келесі қарсыластармен күш байқасады:
57 келі. Махмұд Сабырхан - Ядеса Лета (Эфиопия)
63,5 келі. Мұхамедсабыр Базарбай - Доннел Филлип (Тринидад және Тобаго)
71 келі. Асланбек Шымбергенов - Сэм Моровати (Финляндия)
80 келі. Нұрбек Оралбай - Седрик Белони-Дюльепре (Гаити)
92 келі. Айбек Оралбай - Санжит (Үндістан)
Әйелдер
50 келі. Алуа Балқыбекова - Айлин Джеймс (Гватемала)/Клаудия Тотова (Чехия)
54 келі. Жайна Шекербекова - Шукура Карим (Нигерия)
66 келі. Наталья Богданова - Соледад Бальбуэна (Аргентина)
75 келі. Валентина Хальзова - Бустра Исильдар (Түркия)/Инга Мальдонадо (Эквадор)