logo

Умар Нурмагомедов қазақстандық файтер Бекзат Алмаханмен жекпе-жекке шығуға неге келіскенін айтты

Умар Нурмагомедов қазақстандық файтер Бекзат Алмаханмен жекпе-жекке шығуға неге келіскенін айтты

Ресейлік аралас жекпе-жек шебері Умар Нурмагамедов UFC-де дебют жасағалы тұрған қазақстандық файтер Бекзат Алмаханмен күш сынасуға неге келіскенін айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Мен ұзақ уақыт бойы жекпе-жек сұрадым. Төбелескім келетінін айттым. Ал олар міне қарсыласың, төбелес деді. Мен жақсы, бірақ бұл адаммен жекпе-жекке шыққым келмейді деп айта алмаймын ғой.

Осылайша қарсылас ретінде біреуді табу қиындық тудырды. Бекзат маған қарсылас болатынын естігенде ол менімен төбелесуге дайын ба деп сұрадым. Оның дайын екенін білгеннен кейін, мен де сақадай сай екенімді жеткізіп, келісе кеттім.

Мен 3 ай бойы жекпе-жек сұрап жүріп, қалағаныма жеткен кезде жоқ онымен шыққым келмейді, маған белбеу үшін жекпе-жек ұйымдастырыңдар деп те айта алмаймын ғой. Бұл – UFC, олар – монополистер, олар сенің ойыныңа араласпайды, – деді Умар Нурмагомедов.

Бекзат Алмахан мен Умар Нурмагамедов 3 наурызда Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін UFC Fight Night 238 турнирінде кездеседі. Бұл қазақстандық файтердің UFC-дегі дебюті болмақ. Ол осы жекпе-жекке қатысу үшін жақында АҚШ-қа жол тартты.