logo

Биыл дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысы елімізде төртінші рет өткізіледі

Биыл дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысы елімізде төртінші рет өткізіледі

Астанада 8-10 мамыр аралығында дзюдодан әлемдік рейтингтік «Qazaqstan Barysy Grand Slam» турнирі өтеді.

Әлемнің үздік дзюдошылары бас қосатын бұл турнир Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді.

Қазақстан дзюдо федерациясы мен Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) арасындағы келісімге сәйкес, Қазақстан Grand Slam деңгейіндегі әлемдік жарыстарды 2026 жылға дейін қабылдайды. Яғни, егер тараптар келісімшартты ұзартпаса, аталған турнир биыл елімізде соңғы рет өтеді деп есептеледі.

Еске сала кетсее, жарыс қорытындысы бойынша Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ережелеріне сәйкес жеңімпаздар мен жүлдегерлер арасында Әлемдік және Олимпиадалық рейтинг ұпайлары үлестіріледі. Атап айтқанда, 1-орын үшін 1000 ұпай, 2-орын үшін 700 ұпай, 3-орын үшін 500 ұпай беріледі.



Күн шежіресі