logo

Қазақстандық дзюдошылар Ташкенттен жүлдесіз оралды

Қазақстандық дзюдошылар Ташкенттен жүлдесіз оралды

Ташкентте (Өзбекстан) дзюдодан Grand Slam сериясындағы ірі халықаралық турнир аяқталды. Аталған жарыста Қазақстан құрамасы жүлдеге іліге алмады.

Финалдық кезеңге тек Ерасыл Қажыбаев жетті. +100 келі салмақ дәрежесінде ол қола медаль үшін белдесуге шыққан еді.

Алайда отандасымыз жүлдеге қол жеткізе алмады — әзербайжандық Джамал Гамзатхановқа жол берді.

Айта кетейік, ұлттық құраманың келесі жарысы 6–8 наурыз аралығында Австрияда өтетін Гран-при болмақ.



Күн шежіресі