logo

Белгілі дзюдошы Кәмила Берліқаштың күйеуі ел чемпионатының жүлдегері атанды

Белгілі дзюдошы Кәмила Берліқаштың күйеуі ел чемпионатының жүлдегері атанды

Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі Кәмила Берліқаштың күйеуі Ислам Тоқтасын ел чемпионатының жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды Sport +.

Ақтөбеде дзюдодан өтіп жатқан чемпионатта ол 73 келіде сынға түсіп, үздік үштікке енді.

Алматы облысының намысын қорғайтын дзюдошы Атырау, Алматы, Жамбыл облыстарының балуандарын ұтып, жартылай финалға шықты. Алайда финалға шығар белдесуде ол Абай облысының өкілі Барыс Қуаннан айласын асыра алмады. Дегенмен, үшінші орын үшін белдесуде алматылық Ықылас Әлсейіттен басым түсті.

Айта кетейік, қос спортшы 2022 жылдың күзінде отау құрған болатын. Кәмила Берліқаш (+78 кг) еліміздің бірнеше дүркін чемпионы. Сонымен қатар, Гранд Слам турнирлерінің жүлдегері. Жақында Ташкентте өткен әскерилер арасындағы әлем біріншілігінде қола жүлдеге қол жеткізді.