logo

Анама жұмыс істеткізбеймін, бар жағдайын жасадым: Абиба Әбужақынова

Анама жұмыс істеткізбеймін, бар жағдайын жасадым: Абиба Әбужақынова

Дзюдодан әлемнің екі дүркін жүлдегері Абиба Әбужақынова «Сырласу» тележобасының қонағы болып, жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Sport +.

Париж Олимпиадасынан кейін дзюдошыға демеушілер бірнеше автокөлік сыйға берген болатын. Осыдан кейін ол ата-анасының қамсыз өмір сүруіне бар жағдайды жасауға тырысып жатқанын айтты.

«Анам жұмыс істемейді, менің мысығымды бағып, менен жалақы алып отыр, – деп әзілдеді ол журналистпен болған әңгіме барысында. – Қазір таңда ата-анам жұмыс істемейді. Анам бұрын мектепте мұғалім болған. Ал әкем зауытта жұмыс істеген. Мен олардың жұмыс істегеніне қарсымын. Барлық жағдайын өзім жасағым келеді», - деді даңқты дзюдошы қыз.