logo

Бірер ай демалып, жаттығуды қайта бастаймын: Нұрбек Оралбай

Бірер ай демалып, жаттығуды қайта бастаймын: Нұрбек Оралбай

Париж Олимпиадасының бокстан күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай Қазақстанға оралды, сонымен қатар боксшы алдағы жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Екінші орын алдым, бұл бізді сындырмайды, керісінше жігерлендіреді. Мықты қылады. Бірер ай демалып, ем алып, жаттығуды қайта бастаймын. Алдағы әлем чемпионаты мен Азия чемпионатына дайындаламыз.

Париж бірінші олимпиада болған соң, оңайға соқпады, ол жаққа ешкім ұтылу үшін бармайды, барын салады.Алтын келесі олимпиадада бұйырады деп ойлаймын», - деді Париж Олимпиадасының күміс жүлде иегері Нұрбек Оралбай.