Қазақстандықтар жүзуден әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Қазіргі таңда Астанада жүзуден әлем кубогының кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Іріктеу бәсекелерінің қорытындысы бойынша үш қазақстандық спортшы финалға өтті.
Әйелдер арасында Софья Сподаренко 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде 25.97 уақыт нәтижесін тіркеп, төртінші орынмен ақтық сынға шықты.
Ерлер арасында Егор Попов 100 метрді еркін стильде 47.82 секундта жүзіп өтіп, төртінші орынмен финалға өтті.
Айбат Мырзамұратов 50 метрді брасс әдісімен 26.57 секундта бағындырып, үшінші орынға ие болды. Сондай-ақ ол 200 метрге кешенді жүзуден 1:57.59 уақыт нәтижесін тіркеп төртінші сатыдан көрінді. Осылайша ол қос финалда бақ сынауға мүмкіндік алды.
Айта кетейік, финал Астана уақытымен 18:00–де басталады.