logo

Қазақстан Олимпиадаға 660 млн доллар, Өзбекстан 160 млн доллар жұмсап басып озды

Қазақстан Олимпиадаға 660 млн доллар, Өзбекстан 160 млн доллар жұмсап басып озды

Ұлттық құраманың Парижге дайындығына 1 миллиард теңгедей жұмсалған, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Ұлттық құраманы дайындауға және оның Олимпиада ойындарына қатысуына шамамен 980 миллион теңге жұмсалды», – деген еді туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев.

Елімізден бұл додаға 80 спортшы аттануы керек еді. Ұлттық құрама спорттың 25 түрінен 92 лицензияға ие болған еді. Алайда теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева аламанға қатысудан бас тартты. Екеуінің де денсаулығы сыр берген көрінеді.

Төртжылдықтың бас додасының нәтижесінде медаль саны бойынша Қазақстан 43-орынға тұрақтады. Ұлттық құрама қоржынында 1 алтын, 3 күміс, 3 қола – барлығы 7 медаль бар.

Саңлақтарының даярлығына бізден төрт есе аз қаражат жұмсаған Өзбекстан төрт есе артық нәтиже көрсетті. Еншісінде 8 алтын, 2 күміс және 3 қола, яғни 13 медалі бар өзбек ағайындар жалпы есептк 13-орынға табан тіреді. Сөйте тұра Өзбекстан 2024 жылғы Олимпиада ойындарына даярлық үшін 160 миллион доллар жұмсаған.

Медаль саны бойынша алғашқы үштікте Қытай, АҚШ және Жапония тұр. Аспан асты елінде 40 алтын медаль бар. Құрама Штаттары 38, ал Күншығыс елі 20 алтын медаль жеңіп алған.

Қоржынында 8 алтыны бар Өзбекстан 13-орында, ал 2 күміс, 4 қола алған Қырғызстан 68- орынға табан тіреді. Рейтингте барлығы 84 мемлекеттің жетістігі ескерілген.



Күн шежіресі