logo

Нұрбек Оралбай: Қазақстанның әнұраны шырқалсын деп алтын жеңгім келді

Нұрбек Оралбай: Қазақстанның әнұраны шырқалсын деп алтын жеңгім келді

Бокстан Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай елге оралғаннан кейін Париждегі жекпе-жектерден алған эмоцияларымен бөлісіп, келесі Олимпиадаға жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Өкінішке орай, тек екінші орынға ие болдым. Сіздер үшін Қазақстанның әнұраны шырқалсын деп алтын жеңгім келді. Бұл жолы нәтиже шықпады, бірақ келесі Олимпиада ойындарында біз Қазақстанды қуанту үшін бар күшімізді саламыз», — деді боксшы. 

Естеріңізге сала кетейік, бокстан Олимпиадалық жарыстың финалында Оралбай украиналық Александр Хижняктан жеңіліп қалды.