Үстел теннисінен Азия чемпионаты: Ташкентте Қазақстан намысын кімдер қорғайды

Үстел теннисінен Азия чемпионаты: Ташкентте Қазақстан намысын кімдер қорғайды

19-25 қазан аралығында Өзбекстанның Ташкент қаласында үстел теннисінен Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Құрлық біріншілігінде Қазақстан атынан он спортшы бақ сынайды.

Ерлер құрамына Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Айдос Кенжіғұлов, Санжар Жұбанов және Ескендір Харки кірді.

Әйелдер арасындағы жарыста Зәуреш Ақашева, Сарвиноз Миркадирова, Жанерке Көшкімбаева, Альбина Жақсылықова және Ангелина Романовская өнер көрсетеді.



Күн шежіресі