Париж Олимпиадасында жалпы есепте АҚШ құрамасы көш бастады
Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындары мәресіне жетіп, ең үздік команда белгілі болды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Нақтырақ айтсақ, Париж Олимпиадасында АҚШ құрамасы 40 алтын, 44 күміс, 42 (126) қола медальмен жалпы медальдар кестесінде көш бастады.
Екінші орынға 40 алтын, 24 күміс, 27 қола (91) жүлде жеңіп алған Қытай құрамасы иелік етті. Қытай құрамасының алтындар саны АҚШ-пен тең болғанымен күміс жүлделер саны жағынан көш бойы артта қалды.
Үздік төрттікті Австралия құрамасы түйіндеді. Олардың еншісінде 18 алтын, 19 күміс, 16 қола – 53 жүлде бар.
Ал жарыс қожайындары Франция құрамасы Олимпиада ойындарын үздік бестікпен аяқтады. Олар – 16 алтын, 26 күміс, 22 қола (64 ) жүлде жеңіп алды.
Жалпы Париж Олимпиадасында 205 мемлекеттен спортшы қатысып, олардың арасында 84 мемлекет жүлдеге ілікті. 62 елге чемпиондық атақ бұйырса, 74 ел күміс жүлдеге қол жеткізді. Ал 84 мемлекет қоланың дәмін татты.
Олимпиада ойындарында үздік атанған алғашқы 215 ел:
1.АҚШ – 40 алтын, 44 күміс, 42 қола – 126 жүлде
2. Қытай – 40 алтын, 24 күміс, 27 қола – 91 жүлде
3. Жапония – 20 алтын, 12 күміс, 13 қола – 45 жүлде
4. Австралия – 18 алтын, 19 күміс, 16 қола – 53 жүлде
5. Франция – 16 алтын, 26 күміс, 22 қола – 64 жүлде
6. Нидерланд – 15 алтын, 7 күміс, 12 қола – 34 жүлде
7. Ұлыбритания – 14 алтын, 22 күміс, 29 қола – 65 жүлде
8. Оңтүстік Корея – 13 алтын, 9 күміс, 10 қола – 32 жүлде
9. Италия – 12 алтын, 13 күміс, 15 қола – 40 жүлде
10. Германия – 12 алтын, 13 күміс, 8 қола – 33 жүлде
11. Жаңа Зеландия – 10 алтын, 7 күміс, 3 қола – 20 жүлде
12. Канада – 9 алтын, 7 күміс, 11 қола – 27 жүлде
13. Өзбекстан – 8 алтын, 2 күміс, 3 қола – 13 жүлде
14. Венгрия – 6 алтын, 7 күміс, 6 қола – 19 жүлде
15. Испания – 5 алтын, 4 күміс, 9 қола – 18 жүлде
43. Қазақстан – 1 алтын, 3 күміс, 3 қола – 7 жүлде.