logo

«Бешікташтың» жаңа бапкері Зайнутдиновтың тағдырын шешті

«Бешікташтың» жаңа бапкері Зайнутдиновтың тағдырын шешті

Маусым айында түріктің «Бешікташ» клубының тізгінін қолға алған нидерландтық бапкер Джованни ван Бронкхорст қазақстандық жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдиновты Стамбұл командасының құрамында көргісі келмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бронкхорст клуб басшылығына Зайнутдиновты, хорват Анте Ребичті, ганалық Дэниел Амартейді, түрік Умут Мерашты және ағылшын Алекс Окслейд-Чемберленді командада көргісі келмейтінін айтты. Ол өткен маусымда жалға жіберілген ойыншыларды командаға қайта оралуын күтіп отыр.

Бұған дейін БАҚ-та «Бешікташ» пен Санкт-Петербургтің «Зенит» клубының Бахтиер Зайнутдиновты трансфер жайлы келіссөздер жүргізіп жатқаны туралы ақпарат пайда болған еді.