logo

Буруктың рекорды және Осимхеннің мергендік жарысы. «Галатасарай» - «Антальяспор» матчының тікелей эфирі

Буруктың рекорды және Осимхеннің мергендік жарысы. «Галатасарай» - «Антальяспор» матчының тікелей эфирі

«Галатасарай» бас бапкері Окан Бурук өткен аптада клуб рекордын орнатып, команданы басқарған бапкер ретінде ең жылдам 100-жеңісіне қол жеткізді. Бұл көрсеткішке жету үшін оған 137 матч қажет болды.  

Ал клубтың шабуылшысы Виктор Осимхен Суперлигадағы үздік сұрмергендер тізімінде Пентекті қуып қана қоймай, 2022/23 маусымындағы өз рекордын жаңарту үшін 31 гол белгісіне жетуге тырысуда. Қазіргі уақытта ол «Галатасарай» сапында 29 матчта 23 гол соқты.  

Клуб Суперлига турнирлік кестесінде жеке-дара көш бастап тұр. Алайда жанкүйерлер үшін көңілге қаяу түсіретін жайт — команданың еурокубоктардан ерте шығып қалуы.  

«Антальяспорға» келетін болсақ, бұл курорттық қаланың клубы аса үлкен бюджетке ие болмаса да, тұрақты ортаңқол команда ретінде қалыптасқан және әзірге төменгі лигаға түсіп қалу қаупі жоқ.  

Командалар осы маусымда бұрын кездескен, сол матчта «Галатасарай» 3:0 есебімен жеңіске жетті. Айта кету керек, «Антальяспор» соңғы рет «Галатасарайды» 2016 жылы жеңген.  

Жаңа кездесу 14 наурыз күні сағат 22:30–да өтеді. Ойынды тікелей эфирде Sport+ телеарнасы көрсетеді, сондай-ақ трансляция sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.



Күн шежіресі