Сульшер жеңісті серияға қайта орала ма? «Коньяспор» – «Бешікташ» матчының тікелей эфирі

Түркия Суперлигасының 28-тур матчында Бахтиер Зайнутдиновтың «Бешікташы» қонаққа «Коньяспорға» барады, деп хабарлайды Sport+.
Стамбұлдық ұжым өткен турда күтпеген жерден өз алаңында «Газиантепке» жеңіліп, үздік үштікке ену міндетін қиындатып алды. Сондай-ақ, бұл нәтиже Оле Гуннар Сульшердің шәкірттерінің алты матчтық жеңісті сериясын үзді.
Сол себепті алдағы ойында қонақтар үш ұпай алып, «Коньяспорға» қарсы матчта жеңісті жолға қайта оралу үшін бар күшін салады. «Коньяспор» қазір түсіп қалу аймағынан небәрі бір ұпай қашықтықта орналасқан және соңғы алты ойынның тек біреуінде ғана жеңіске жетті.
Конья қаласының қалалық стадионында өтетін матч 15 наурыз күні Астана уақытымен 22:30–да басталады. Ойынды тікелей эфирде Sport+ Qazaqstan телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан көруге болады.