logo

Беларусь құрамасының ойыншысы «Ertis» клубына ауысты

Беларусь құрамасының ойыншысы «Ertis» клубына ауысты

Павлодарлық «Ertis» клубы 29 жастағы беларусьтік жартылай қорғаушы Владислав Климовичпен келісімшартқа қол қойғанын хабарлады, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Владислав Климович — Минск футбол мектебінің түлегі. Ол жартылай қорғаушы және шабуылшы позицияларында ойнай алады. Беларусь чемпионатында БАТЭ, «Ислочь», «Неман», Минскінің «Динамо» және «Торпедо-БелАЗ» клубтарының намысын қорғаған.

Сондай-ақ Климовичтің Беларусьтен тыс елдерде ойнау тәжірибесі бар. Әр жылдары ол латвиялық «Елгава», кипрлік «Неа Саламис», сондай-ақ венгриялық «Дьирмот» пен «Диошдьёр» клубтарында өнер көрсетті.

Футболшының еншісінде Беларусь Жоғары және Бірінші лигаларының чемпионы атақтары, ел Кубогы мен Суперкубогындағы жеңістер, сондай-ақ Латвия Кубогы бар.

Халықаралық деңгейде Климович УЕФА Еуропа лигасы мен Конференциялар лигасының матчтарына, сондай-ақ Еуропа және әлем чемпионаттарының іріктеу ойындарына және Ұлттар лигасы турниріне қатысқан. Беларусь ұлттық құрамасы сапында ол 40-тан астам матч өткізді.



Күн шежіресі