«Қайсар» Қазақстан жастар құрамасының футболшысымен толықты
Қызылордалық «Қайсар» 22 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Саламат Жұмабековпен келісімшартқа қол қойғанын хабарлады, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Саламат Жұмабеков — елордалық «Астананың» түлегі. Соңғы екі жыл ішінде қазақстандық футболшы «Оқжетпес» сапында өнер көрсетіп, көкшетаулық клуб үшін 25 матч өткізді.
Сонымен қатар Жұмабеков 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасының намысын қорғайды.