logo

«Фиорентина» — «Комо»: Кубок үшін шайқастың тікелей эфирі

«Фиорентина» — «Комо»: Кубок үшін шайқастың тікелей эфирі

«Фиорентина» Серия А-да маусымды сәтсіз өткізіп жатыр, алайда 2026 жылдың басында қатарынан 4 матчта жеңілмей, жақсы серияға қол жеткізді. Дегенмен бұл серия «Кальяриге» қарсы ойында (1:2) аяқталды.

Енді олар Кубокта есесін қайтаруға тырысады. Бұл жолғы қарсылас — испаниялық бапкер Сеск Фабрегас жаттықтыратын, ойыны жүріп тұрған Италиядағы ең мықты командалардың бірі саналатын «Комо».

Қазіргі таңда «Комо» Серия А турнир кестесінде 6-орында тұр және «Ювентустан» небәрі 2 ұпайға ғана қалып келеді.

Командалар екі майданда бірдей ойнауға дайын ба? Себебі «Комо» үшін еурокубоктарға жолдама алу мүмкіндігі тұрса, «Фиорентина» үшін басты мақсат — жоғарғы лигадағы орнын сақтап қалу.

Бұл сұрақтың жауабын 27-нен 28 қаңтарға қараған түні, сағат 01:00–де білуге болады. «Фиорентина» — «Комо» матчының тікелей трансляциясы sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.



Күн шежіресі