Бекзат Шадманов: Қыста шетелдік клубтардан қызығушылық болды
Петропавлдық «Қызылжар» клубының қорғаушысы Бекзат Шадманов Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұхбатында жарақаттан кейін бабына келу процесі және шетелден түскен қызығушылық туралы айтты.
- Бекзат, оқу-жаттығу жиынында жарақат алғаныңызды білеміз. Қазір жағдайыңыз қалай? Қалыпқа келу үшін қандай жұмыстар жүрігізіліп жатыр?
- Өкінішке орай, ОЖЖ-да ауыр жарақат алдым. Қазір жағдайым жақсарып қалды, енді ақырындап жүгіре бастадым. Ота жасалған кезден төрт ай өтті. Қалыпқа келу жұмыстарын жасап келемін. Әзірше залда жаттығу жұмыстарын жасап, алаңға тез оралудын барлық жағдайын жасап жатырмын.
- Дәрігерлердің болжамы бойынша қашан алаңға оралуға болады? Жасыл алаңды, футбол атмосферасын сағынған шығарсың?
- Дәрігерлердің айтуынша 6 айдан 9 айға дейін алаңға ораласын деген пікір айтылды. «Қазіргі жағдайыңа қарасақ, 5-6 ай керек секілді» деген еді дәрігерлер. Футболды, жанкүйерлерді қатты сағындым.
- Отадан кейін Бақтиер Зайнутдиновпен түскен суретіңді көрдік. Бақтиер Түркияда ота жасауға кеңес берді ме?
- Жоқ, кеңес берген жоқ. Бақтиер ота жасайтынымды біліп, отадан кейін ауруханадан алып кетіп, елге оралғанша өз үйінде қонақ етті.
- Өткен маусым соңында «Қызылжар» клубы сізге тағы бір жылға келісімшарт ұсынғаны рас па?
- Иә, өткен жылы келісімшарт ортасында да, соңында да ұсынылды.
- Алайда сіз команданың оқу-жаттығу жиындарына кеш қосылдыңыз. Өзге клубтардан түскен ұсыныстар ойландырды ма?
- Оқу-жаттығу жиынына кеш қосылғанның бір себебі басқа ел клубынан қызығушылық болды. Сол себепті «Қызылжар» сапына кеш қосылдым.