logo

Игорь Прохницкий: QJL жас футболшыларға бәсекелестік орта құра алды

Игорь Прохницкий: QJL жас футболшыларға бәсекелестік орта құра алды

Қазақстандық маман және «Ақтөбе» U-17 командасының бас бапкері Игорь Прохницкий Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұхбатында QJ League деңгейі, ересектен балалар футболына көшу туралы айтып берді, сондай-ақ Станислав Черчесовтың Қазақстан құрамасының бас бапкері лауазымына тағайындалуына байланысты ойымен бөлісті.

– Игорь Иванович, QJ League-да командаңыздың жағдайыңыз туралы айта кетсеңіз?

– QJL-да 7 тур өтті. Біз турнир кестесінің жоғарғы жағындамыз және жарыстың қорытынды кестесінде жүлделі орындар үшін күресте міндетті түрде бәсекеге түсеміз. Бірақ бұл үшін көп жұмыс істеуіміз қажет, сонда ғана мақсатқа жақындай түсеміз. Ал «Ақтөбе» U-17 командасының әлеуеті бұл үшін жеткілікті.

– Сіз QJ League-те бірінші жыл жұмыс істеп жатырсыз. Өз әсерлеріңізбен бөлісесіз бе?

– QJ League басшылары мен ұйымдастырушылары жарысқа қатысушылар арасында бәсекелестік ортаны құруды көздеді және олар мұны толық жүзеге асыра алды. Жақсы ұйымдастырылған турнирдің арқасында Қазақстан Республикасының жас футболшыларында командалық даму мен өз әлеуетін іске асырудың, өз арманына тағы бір сапалы қадам жасаудың бірегей мүмкіндігі бар. Мен осы футбол жобасының бір бөлігі болғаныма өте қуаныштымын.

– Соңғы жылдары сіз Бірінші лигада «Ақжайықты» жаттықтырдыңыз, ал қазір QJL командасымен жұмыс істеп жатырсыз. Сіз мұны бапкерлік мансабыңыздағы артқы қадам деп санайсыз ба?

– Бұл сұраққа мен былай жауап беремін. Мен белгілі бір шеңберде жұмыс істеген Қазақстанның Бірінші лигасының клубтарында кейде өзара ерекше міндеттерді шешуге, нәтижеге қол жеткізуге және жас футболшыларды дамыту жұмыстарын атқардым. Бір жерде жетістікке жетсем, екінші жерде бірдеңе жүзеге асапады. Бірақ мен мұны істеуге тырыстым және бапкерлік жұмысымның жемісін көрдім. QJL-де ойыншылардың дамуына барлық мүмкіндіктер бар, белгілі күнтізбе, апталық цикл, жақсы жағдайлар және ыңғайлы логистика қарастырылған.

Лиганың спорттық-аналитикалық бөлімінің көмегімен команданың бәсекеге қабілетті, демек, жаттығу қызметін, оның дамуын талдауға арналған құралдар ұсынылған. Сондықтан мен өзімнің қазіргі жұмысымда бір қадам артқа емес, бапкерлік құзыреттілігімді дамытудың тағы бір мүмкіндігін көремін.

Игорь Прохницкий: QJL жас футболшыларға бәсекелестік орта құра алды

– Сіздің жаттығуларыңыз арқылы көптеген ақтөбелік футболшылар өтті. Түлектердің бірі – Әділхан Танжарықов. Сіз оның ұлттық құрамаға үміткер деңгейіне жетеді деп күттіңіз бе?

– Егер Әділхан Қазақстан құрамасына үміткер болса, бұл оның бүгінгі таңда сұранысқа ие қасиеттерге ие екендігін білдіреді. Менің ойымша, ол үшін ең бастысы – ұлттық құраманың және өз клубының толыққанды ойыншысы болу және оның шабуылдаушы аспектілерінде даму. Оған сәттілік тілеймін.

– Сіздің мансабыңыздағы жаттықтырған ең талантты футболшы кім?

– Мен таланттар туралы айтпас едім, бұл ұғым салыстырмалы, бірақ мен көптеген жігіттермен жұмыс істей алдым. «Ақтөбеде» 1996 жылы туған футболшылармен және «Каспий» футболшыларымен жұмыс істеген кездерімді ерекше еске аламын. Сіз айтқандай, ең талантты футболшы мені бапкерлік мансабымда әлі күтіп тұр.

– Максим Самородов жақын арада шетелдік клубқа кетуі мүмкін. Оның әлеуетін қалай бағалайсыз? Самородов жоғары деңгейде ойнай ала ма?

– Максим үшін және оның жетістіктері үшін өте қуаныштымын. Оның мінезі оған футбол әлеуетін жүзеге асыруға көмектеседі деп ойлаймын. Бірақ бұған көптеген факторлар әсер етеді: оның жаңа клубы, бапкері, командаластары, адаптация мәселесі. Ол тек 22 жаста. Оның футбол қасиеттерін дамытуға және жетілдіруге уақыты бар. Ол міндетті түрде әрі қарай дамиды және алынған тәжірибе оған көмектеседі. Оған тек сәттілік тілеймін.

– «Ақжайықта» жұмыс істегеннен кейін сізде қазақстандық клубтардан ұсыныстар болды ма?

– Маусым айында «SD Family» клубынын басшылығынан команданы басқаруға ұсыныс келіп түсті. Мен өзіме деген қызығушылығыма ризамын. Алайда, бүгін таңда мен «Ақтөбе» U-17 бас бапкерімін және командамен жұмысты жалғастыруға ниетім бар.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Freedom QJ League (@qjleague)

– Станислав Черчесовты Қазақстан құрамасының бас бапкер лауазымына тағайындауы туралы не ойлайсыз? Сіздің ойыңызша, жергілікті мамандарға мүмкіндік беру керек пе еді?

– Кез келген елдің, Қазақстанның ұлттық құрамасы, атап айтқанда, қазір нәтиже беру қажет команда. Мен өзім Адиев тағайындалғаннан кейін скептиктердің қатарында болдым, бірақ ол жақсы нәтиже көрсетті, сол үшін Магомед Мұсаұлына рахмет.

20 жылдық тәжірибесі мен сапалы жұмысы бар, соның ішінде шетелде де бапкер болған Черчесовты тағайындау біздің құраманың дамуына жаңа серпін береді деп үміттенемін, бұл өте қажет. Отандық бапкерлерге келетін болсақ, олардың кейбірінде Қазақстан құрамасымен жұмыс істеуде өзін көрсету мүмкіндігі міндетті түрде болады деп ойлаймын. Ең бастысы – бұған дайын болу және берілген мүмкіндікті пайдалану.