logo

«Барыс» жүйесінің шабуылшысы еуропалық клубқа ауысты

«Барыс» жүйесінің шабуылшысы еуропалық клубқа ауысты

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Николай Шульга карьерасын Ұлыбританияда жалғастырады. Ойыншы шотландиялық «Файф Флайерз» клубымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Өткен маусымда 21 жастағы павлодарлық тәрбиеленуші астаналық «Номад» құрамында өнер көрсетті. Қазақстан чемпионатының тұрақты кезеңінде ол 47 матч өткізіп, 27 (12+15) ұпай жинады, плей-офф кезеңіндегі 14 ойында 6 (2+4) нәтижелі ұпайға ие болды. Сондай-ақ ол астаналық командамен бірге Континенталдық Кубокты жеңіп алды.

Чехияда өткен әлем чемпионатында шабуылшы екі ойынға қатысты, бірақ ұпай жинай алмады.