logo

«Барыс» және Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері швециялық клубты басқарды

«Барыс» және Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері швециялық клубты басқарды

Беларусьтік 59 жасар маман Игорь Матушкин Швецияның 18 жасқа дейінгі «Бринкенс» командасының бас бапкері болды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Матушкиннің соңғы жұмыс орны 2022-2023 жылдары аралығында Астананың «Барыс» командасы болды.

Оған дейін Матушкин Швецияның Tegs SK, IF Björklöven, Piteå HC, Vännäs HC және Spånga IS J20 командаларында жаттықтырушы болып жұмыс істеді.

2010-2013 жылдары аралығында Минскінің «Динамо» клубының бас менеджері болды.

Сонымен қатар, КХЛ-да «Торпедо» және Ярославльдің «Локомотив» командаларында жаттықтырушы болды. Матушкин Қазақстан құрамасының да жаттықтырушысы қызметін атқарған.