logo

Барыстың алдағы ойын кестесі анықталды

Барыстың алдағы ойын кестесі анықталды

KHL.ru 2024/2025 маусымының тұрақты чемпионат ойын кестесін жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Командалар 68 матчтан өткізеді, ал ойын күндері бойынша рекорд болғалы тұр – 187. Біріншілік басталуынан алғашқы үзіліске дейін командалар 97 ойын күнін қатарынан өткізеді. 

Чемпионаттың 3 қыркүйек күні Магнитогорскте шымылдығы түріледі. Бұл күні былтырғы финалистер «Металлург» пен «Локомотив» ойнамақ.

«Барыс» маусымды қатарынан Астанадағы төрт ойыннан бастайды: «Нефтехимик» (4 қыркүйек), «Трактор» (6 қыркүйек), «Амур» (9 қыркүйек) және «Динамо» (13 қыркүйек). Әрі қарай елордалық команда келесі бағытта жолға шығады: Екатеринбург – Қазан – Балашиха. 17 қыркүйек күні «Барыс» «Автомобилистпен», 19 қыркүйек – «Ак Барспен», ал 21 қыркүйек «Витязбен» күш байқасады.

Біздің команда үшін чемпионат 22 наурыз күні аяқталады. Бұл күні «Барыс» өз айдынында «Салават Юлаевты» қабылдайды.



Күн шежіресі