logo

Роман Старченко «Барыспен» келісімшарт мерзімін ұзартты

Роман Старченко «Барыспен» келісімшарт мерзімін ұзартты

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасының бірқатар ойыншылары елордалық «Барыс» командасымен келісімшарт мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қазақстан құрамасының капитаны Роман Старченко алдағы жылы да «Барыс» сапында ойын көрсетеді. Хоккейші елордалық клубпен жаңа келісімшартқа қол қойды.

Екіжақты келісім бір жылға есептелген. Форвард өткен маусымда бір команда құрамындағы ойын саны (483 кездесу) жөнінен ҚХЛ рекордын орнатты.

2024 жылғы әлем чемпионатында Роман Старченко 7 кездесуде 5 (3+2) балл жинап, құраманың үздік бомбардирі атанды.

Елордалық клуб Қазақстан құрамасының шабуылшысы Әлихан Әсетовпен де келісімшарт мерзімін ұзартты. Екіжақты келісім бір маусымға есептелген.

Ол биыл әлем чемпионатына ұлттық құрама сапында алтыншы мәрте қатысты. Дүбірлі додада 7 матчтың барлығында ойнады. Нәтижесінде гол салып, нәтижелі пас берді.

Ал Аркадий Шестаков Ресейдің «Адмирал» (Владивосток) командасына ауысты.

Орталық шабуылшы биыл ҚХЛ-дың тұрақты чемпионатының 68 матчында 25 ұпай жинап, өз мансап жолындағы үздік маусымын өткізді.

2024 жылғы әлем чемпионатында ол 5 матч өткізіп, нәтижелі пас берді.

Сондай-ақ «Барыс» басшылығы тарапынан Самат Данияр, Дінмұхамед Қайыржан, Кирилл Никитин, Әлихан Өмірбеков, Аңсар Шайхмедденов, Андрей Шутов, Максим Мусоровқа ұсыныс жасалған. 



Күн шежіресі