logo

«Барыс» тағы да жеңілістің ащы дәмін татты

«Барыс» тағы да жеңілістің ащы дәмін татты

Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Салават Юлаев» (Уфа) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Кездесу барысында елордалық команда ойынды белсенді бастады. Нәтижесінде 12-минутта әріптестері Әлихан Өмірбеков пен Әлихан Әсетовтің берген пасын «Барыс» хоккейшісі Кирилл Панюков голға айналдыра білді.

Одан кейін «Салават Юлаев» сапынан Александр Хмелевски 16-минутта таразы басын теңестіріп кетсе, 28-минутта Нэйтан Тодд ресейлік клубты алға шығарды.

Ал 30-минутта қазақстандық командадан Әлихан Өмірбеков таразы басын теңестіргенмен, 33-минутта Егор Сучков қайтадан «Салават Юлаев» командасының басымдығын арттырды.

Осылайша «Барыс» қарсыласына 2:3 есебімен есе жіберді.