logo

«Барыс» ХК жаңа бас директорды тағайындады

«Барыс» ХК жаңа бас директорды тағайындады

«Барыс» хоккей клубы жаңа бас директоры болып Нұрлан Оразбаев тағайындалды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan қазақстандық клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

«Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» корпоративтік қорының шешімімен «Барыстың» бас директоры болып Нұрлан Оразбаев тағайындалды», — делінген ресми хабарламада.

Оразбаев астаналық клубтың бас директоры қызметіне үшінші рет келіп, осы лауазымнан кеткен Борис Иванишевті ауыстырады. Бұған дейін ол командада 2006 жылдан 2012 жылға дейін және 2013 жылдан 2015 жылға дейін қызмет еткен. 

16 қазанда «Барыс» ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында «Салават Юлаевқа» 2:3 есебімен ұтылды. Жеті ұпаймен қазақстандық клуб Шығыс конференциясының турнир кестесінде әлі де соңғы орында тұр.



Күн шежіресі