Андрей Шутов Словакия чемпионатының матчында 23 соққыны қайтарды
Словакия экстралигасының тұрақты чемпионаты аясында өткен кезекті матчта Братиславаның «Слован» клубы «Зволенді» 5:3 есебімен жеңді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Қазақстан құрамасының қақпашысы Андрей Шутов, братиславалық клубтың сапында ойнап, 23 соққыны қайтарды.
«Слован» турнирлік кестеде бесінші орында, жеті кездесуде 15 ұпай жинаған.