«Барыс» легионер қақпашымен келісімшартқа қол қойды
«Барыс» америкалық қақпашы Хантер Шепардпен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Sport+ елордалық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Біржақты келісім бір маусымға есептелген және 2027 жылдың 31 мамырына дейін жарамды.
Қақпашы кәсіби мансабының басым бөлігін «Вашингтон» клубының жүйесінде өткізді. «Херши Беарс» сапында Хантер Шепард екі рет Колдер кубогын жеңіп алды. Сондай-ақ, 2023 жылы АХЛ плей-оффының ең үздік ойыншысы атанды.
Өткен маусымда Шепард Ұлттық хоккей лигасында «Оттава» сапында бір матч өткізді. Кейін ол АХЛ-дегі «Беллвилл Сенаторз» және «Лаваль Рокет» командаларында өнер көрсетті.