logo

Хақназар Кенесбай: Біз өз ойынымызды жүргізуге тырыстық

Хақназар Кенесбай: Біз өз ойынымызды жүргізуге тырыстық

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Хақназар Кенесбай Азия чемпионатының соңғы матчында Жапонияны 5:1 есебімен жеңгеннен кейін өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Sport+.

— Эмоциялар өте керемет. Жеңіске жеткенімізге қуаныштымын. Тренердің тапсырмасын орындадық, бәрі қуанышты, бәрі керемет.

— Бұл сенің Қазақстан құрамасындағы дебютің. Шақырту алғандағы сезімдерің қандай болды?

— Алғашында толқыныс болды, әрине, бірінші ойында. Кейін команда жақсы қабылдады. Жасымнан үлкен жігіттер қолдап отырды. Оларға алғыс айтамын.

— Шешуші матчта ұлттық құрамада алғашқы ұпайыңа ие болдың, гол салдың. Қандай сезімде болдың?

— Ең керемет эмоциялар. Бұл сезім өте жағымды.

— Сен үшін ең қиын матч қайсысы болды?

— Әрине, бірінші матч болды, себебі акклиматизация, аяқтар ауыр болды, тыныс алу қиынға түсті.

— Жапониядан гол жіберіп алған кезде жоспардан ауытқимыз деген ойлар болды ма?

— Жоқ, біз өз ойынымызды жүргізуге, өз хоккейімізді ойнауға тырыстық, бастаманы өзімізге алдық. Барлығы сәтті өтті.

— Азия ойындарына шақырту аламын деп ойлайсың ба?

— Әрине.

— Үйдегілер қолдау көрсетіп отыр ма?

— Барлық туыстарым, командаластарым теледидар арқылы қолдап отырды. Қазір барлығы жазып, хабарласып құттықтап жатыр.

— Алматыдағы атмосфера қандай?

— Мұнда бір жыл ойнадым. Осындай қолдаудың алдында ойнау өте жағымды.



Күн шежіресі