«Барыс» Оттавадан канадалық шабуылшымен келісімшартқа отырды

«Барыс» Оттавадан канадалық шабуылшымен келісімшартқа отырды

«Барыс» хоккей клубы канадалық шабуылшы Гарретт Пилонмен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Sport+ елордалық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Біржақты келісім бір маусымға есептелген және 2027 жылдың 31 мамырына дейін жарамды.

Хоккейші кәсіби мансабының барлығын Солтүстік Америка лигаларында өткізді. 2023 жылы шабуылшы «Херши Беарс» сапында Колдер кубогының иегері атанды. Соңғы үш маусымда Пилон «Оттава Сенаторз» клубының фарм-командасы — «Беллвиллдің» намысын қорғады. Оның екі маусымында команда капитаны болды.

Өткен АХЛ тұрақты чемпионатында Гарретт 56 матчқа қатысып, 31 (8 гол + 21 нәтижелі пас) ұпай жинады. Жалпы АХЛ-дегі мансабында ол 485 ойын өткізіп, 105 шайба соғып, 199 нәтижелі пас берген.