«Барыс» клубы жаңа маусымға арналған бапкерлер штабын таныстырды

«Барыс» клубы жаңа маусымға арналған бапкерлер штабын таныстырды

«Барыс» хоккей клубы ресми сайтында 2026/27 маусымына арналған команданың бапкерлер құрамын жариялады, деп хабарлайды Sport+ елордалық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Команданың бас бапкері қызметін Михаил Григорьевич Кравец атқарады.

Бас бапкердің көмекшісі — Талғат Бақытбекұлы Жайлауов.

Шабуылшылар бапкері — Александр Александрович Савченков.

Қорғаушылар бапкері — Евгений Степанович Королев.

Қақпашылар бапкері — Константин Александрович Барулин.

Жалпы дене дайындығы бойынша бапкерлер — Денис Михайлович Михайличенко және Игорь Юрьевич Елисеев.

Бейнеталдаушы бапкерлер — Сергей Викторович Тамбулов пен Владислав Вячеславович Белан.



Күн шежіресі