Дастан Амангелді Шымкентте түркиялық файтермен жекпе-жек өткізеді

Дастан Амангелді Шымкентте түркиялық файтермен жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық файтер, NAIZA лигасының бұрынғы чемпионы Дастан Амангелді «Alash Pride» турнирінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды Sport+.

Оның қарсыласы Түркия атынан сынға түсетін Магомед Магомедов болмақ. Магомедовтың кәсіпқой мансабындағы көрсеткіші — 3 жеңіс және 2 жеңіліс. Ол соңғы жекпе-жегін «Южный Рубеж» лигасында өткізіп, Артем Нужновты нокаутпен жеңген.

Сондай-ақ «Еркін Күш» клубының тағы бір файтері Георгий Майсурадзе де турнирде жекпе-жек өткізеді. Оның қарсыласы әзербайжандық Абдулфахад Ахмади болады.

Ахмади 2022 жылы «Alash Pride» лигасында өнер көрсетіп, Сағынай Шүкірден нокаутпен жеңілген. Ал соңғы жекпе-жектерін Mangu және Immortal Fighting Championship ұйымдарының турнирлерінде өткізген.

Турнир 28 қазанда Шымкент қаласында өтеді. Жарысты Sport+ Qazaqstan телеарнасынан тікелей эфирде тамашалауға болады.



Күн шежіресі