«Барыс» америкалық қорғаушы келісімшарт жасасты
«Барыс» хоккей клубы америкалық қорғаушы Чейз Прискимен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Біржақты келісім 2027 жылғы 31 мамырға дейін, яғни бір маусымға есептелген.
Қорғаныс шебіндегі ойыншы мансабының басым бөлігін Солтүстік Америка лигаларында өткізді. 2024 жылы Приски «Херши Беарс» сапында Колдер кубогының иегері атанды. Жалпы, ол АХЛ лигасында 349 матч өткізіп, 54 шайба соғып, 130 нәтижелі пас берген.
Өткен маусымда Чейз «Сібір» командасының намысын қорғады. Новосібірлік клуб сапында плей-офф ойындарын қоса есептегенде 54 кездесу өткізіп, 24 (4+20) ұпай жинады. Мұз айдынында орта есеппен 22 минут уақыт өткізді.
Чейз Приски
Туған күні: 19.03.1996.
Ойын позициясы: қорғаушы.
Бойы: 183 см.
Салмағы: 85 кг.
Соққысы: оң жақ.
Леонид Метальников, «Барыс» клубының бас менеджері:
— Чейз Прискимен келісімшартқа қол қойғанымызды қуана хабарлаймыз. Ол — оң жақтан ойнайтын, соққысы мықты және хоккейлік ойлау қабілеті жоғары шабуылға бейім қорғаушы. Чейз лиганың ерекшеліктерімен жақсы таныс, шабуылды тиімді қолдай алады. Ол командаға сенімділік қосып, басымдықтағы ойын кезінде мүмкіндіктерімізді арттырады.