Батуттағы гимнастикадан 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды
5–8 қараша аралығында Қытайдың Нанкин қаласында батуттағы гимнастикадан әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Алдағы жарыста Қазақстан атынан бес спортшы өнер көрсетеді.
Халықаралық гимнастика федерациясы жариялаған алдын ала өтінімге сәйкес, ұлттық құрама сапына Роман Барков, Данил Мусабаев, Никита Тумаков, Ерлан Тасмағамбетов және Виктория Бутолина енген.
Айта кетейік, әлем чемпионатына қатысушылар қатарында Жапонияда өткен 2026 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері Ерлан Тасмағамбетов те бар.
Спортшылардың қорытынды тізімі өзгеруі мүмкін.