«Барыс» ресми түрде үздік cұрмергенінен айырылды
«Торпедо» (Нижний Новгород) хоккей клубы «Барыстың» үздік cұрмергені Майкл Веккьонемен келісімшартқа қол қойғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Sport+.
Өткен маусымда «Барыс» сапында өнер көрсеткен Веккьоне 65 матчта 46 ұпай (19 гол + 27 нәтижелі пас) жинады. Оның 6 шайбасы командасына жеңіс әкелген голдар болды.
Осылайша, «Барыс» өз құрамындағы ең нәтижелі ойыншысынан айырылып отыр.