«Тобыл» Қазақстан құрамасының ойыншымен толықты
Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Еркін Тапалов қостанайлық клубпен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды «Тобыл» футбол клубының баспасөз қызметі.
Тапалов өзінің мансабын 2011 жылы «Ақжайық» құрамында бастады. Кейін қорғаушы «Шахтерде», «Жетісуда» және «Тұранда» өнер көрсетті. Тапалов өткен маусымды «Қызылжар» құрамында өткізді, команда капитаны болды.
2019 жылдың 21 ақпанында Қазақстан құрамасы сапында Молдоваға қарсы жолдастық кездесуде дебют жасады. Қазақстан құрамасында Тапалов барлығы 12 матчта алаңға шықты.