«Тобылдың» футболшысы мансабын Сербияда жалғастырады
Сербия құрамасының ойыншысы Мильян Вукадинович «Тобылдан» кетіп, «Младостьпен» келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Вукадинович 2022 жылғы маусымның ортасында «Тобылға» ауысты. Бір жарым жылдан астам уақыт ішінде ол 47 ойын өткізіп, 5 гол соғып, 7 нәтижелі пас берді.
«Младость» қазір Сербия чемпионатында сегізінші орында тұр.
Вукадинович 2021 жылы Сербия құрамасы сапындағы дебютін Доминикан Республикасы мен Панама құрамаларына қарсы ойындарында өткізді.