logo

«Ахматтың» спорттық директоры: Максим Самородов медициналық тексеруден өтті

«Ахматтың» спорттық директоры: Максим Самородов медициналық тексеруден өтті

«Ахмата» спорттық директоры Руслан Газзаев қазақстандық футболшы Максим Самородов клубқа келіп қосылғаны туралы айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan championat.com сайтына сілтеме жасай отырып.

«Самородов клубқа келіп қосылды. Ол медициналық тексеруден өтті. Жақын арада ресми хабарландыру болады», — деді Газзаев.

Ағымдағы маусымда Премьер-Лигада Қазақстан құрамасының 22 жастағы жартылай қорғаушысы Максим Самородов «Ақтөбе» сапында 13 матч өткізіп, 5 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді. Оның есебінде осы маусымда Конференциялар лигасында екі ойыны бар. Беделді Transfermarkt порталы футболшының құнын 1,2 миллион еуроға бағалайды.

«Ахмат» Ресей Премьер-лигасының 2024/2025 жылғы турнир кестесінде 11-ші орында. Команда екі ойында екі ұпай жинады.



Күн шежіресі